• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Мамыр, 2019

«Баламекен» жобасы басталды

1058 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясының XVIII съезінде көп балалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй-жай беру мәселесі көтеріліп, аймақ басшыларына тапсырма берілген болатын.
Қызылорда облысында Тұңғыш Президенттің тапсырмасын тиянақты орындау үшін облыстағы баспанаға мұқтаж көп балалы отбасыларды анықтау мақсатында жұмыс комиссиясы құрылды. Қазіргі таң­да комиссия Қызы­лор­да қа­ла­­сындағы 150 отбасын анық­таған. Облыста өткен жиында көп балалы отбасыларды тұр­­­ғын үй­мен қамту үшін Бо­лат Өте­мұ­ратов қоры­ның қайы­­­рым­ды­лық көмегі есе­­бі­нен тұр­ғын үйдің бір бөлі­гін салу туралы мә­селе талқы­лан­­ды. Соның нәтиже­сін­де, жергі­лік­ті бюджет есебінен – 50 отбасы, қор есебінен, қалған 100 отбасы бас­панамен қамта­ма­сыз етіледі.

Баспананың 1 шаршы ме­т­рі­­нің құны 70 мың теңгені құ­­рай­ды. Күзгі қара суыққа ұрын­бау үшін тұрғын үй құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Осы мақсатқа байланысты Болат Өтемұратов қоры тарапынан тұрғын үйлерді салу бойынша «Баламекен» жобасының жүзеге асырылуына 450 миллион теңге бөлінбек.

– Әкімдік өз тарапынан бар­лық инженерлік инфра­құ­ры­­лымдар – электр, газ, су, телефон байланысы мен автожолдар құрылысын аяқтауға, сондай-ақ әрбір үйге 6 сотық жер телімін бөлуге кепілдік береді, – дейді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Бүгінде облыс бойынша тұр­ғын үйге мұқтаж азаматтар саны – 27 906 адам. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағы­нан осал топтары санаты бойынша 14 074 адам кезекте тұр, олардың 2038-і – көп бала­лы отбасы.

Қызылорда облысының көп ба­ла­лы және әлеуметтік жа­ғы­­­нан аз қорғалған отба­­сы­­лар­ға үй салып беру тә­жірибесі Премьер-Ми­нис­тр Асқар Мамин­нің жұмыс ке­ңесінде кеңінен талқы­лан­ғанын айта кете­йік. Рес­пуб­ликада бес жыл ішінде 28 мың пәтер беру көз­де­луде. Нарық жағдайында көз­­сіз тәуекелге бару оңай емес. Мұндайда үй берудің ең тиімді тетіктері пайдаланыл­уы керек. Премьер-Министр А.Мамин әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға Қызылорда облысының оң тә­жіри­бесін пайдалануды тап­сыр­ды.

Жақсыдан үйрену – та­быс­­қа жетудің кілті. Қалай бол­ған­да да, Қазақстанда үйсіз-күйсіз жүрген отбасы­лар пәтермен қамтылуы керек. Қайырымды жандар көмек­тесіп жатқа­ны­мен, үйге қолы жеткен әлеу­мет­тік жағ­да­йы төмен отбасылар санау­лы ғана. Енді осы мем­ле­кет­тік бағдарламалар тиім­ді жұмыс істесе, 30 мыңға жуық отбасының кеудесінде ертеңге деген сенім нығаяды. Ал бұл – үлкен қуа­ныш.

Қызылорда облысы