• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2019

Байқоңыр қаласының инфрақұрылымы жаңартылады

1558 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы тұрғындармен кездесуінде Байқоңырды Қазақстанның ғарыш саласының негізі ретінде атап өтіп, бұл кешен облысқа жоғары технологияларды дамытуға мүмкіндік беретінін айтты.

– Біздің мақсат – ғарыш технологияларын Отанымыздың, халқымыздың мүддесі үшін қолдану. Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмысы жалғасуда. Мұнда 30 жыл ішінде алғаш рет көпқабатты үйлер және медициналық орталық салынды. Бес мектеп Қазақстанның білім стандартына көшті. Қазір әлемде инвесторлар ғарыш стартаптарына кең қолдау көрсетуде. Біз де Байқоңырдың әлеуетін тиімді пайдаланып, бұл үрдістен шет қалмауымыз керек, – деді Қазақстан Президенті.

Сапар барысында, Қазақстан Республикасының Президенті Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне барып, музейдің жаңартылған экспонаттарымен танысты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында 1980 жылдары Түркі әлеміне ортақ рухани ұстаз Қорқыт Атаның құрметіне мемориалдық кешен салынған. 2014 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен кешенге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, қосымша жаңадан зиярат ету нысаны салынды. Мемориалдық кешен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің бойында орналасқан. 2018 жылдың қараша айында Порт-Луи қаласында (Маврикий Республикасы) ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт Ата мұрасын адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу туралы шешім қабылданған болатын.

Мемлекет Басшысының Сыр өңіріне сапары Байқоңыр қаласында қорытындыланды. Онда «Байқоңыр» кешенін дамыту мәселелері талқыланды.