Мемлекет басшысы күріш өңдеу ісіне мамандандырылған агроиндустриялық кешенде болып, оның жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа зауыттың негізгі шығаратын өніміне қатысты мәлімет берілді.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен әңгімелесіп, бұл саланы өркендетудің басты бағыттарын атап көрсетті.
– Ауыл шаруашылығы – әлеуеті өте зор, стратегиялық маңызды сала. Бұл саладағы мәселелерді жақсы білеміз. Мемлекет оларды шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады, – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір еңбеккерлеріне зор табыс тіледі.