• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Мамыр, 2019

Қандастарға қамқорлық

1016 рет
көрсетілді

Кеше «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелде тұратын этностық қазақтар мен отандастарды қолдау мақсатында мәдениет және спорт саласы бойынша өзара ынтымақтастық байланыстарды нығайту меморандумына қол қойды.

Бұл меморандум негі­зін­де  атқарушы тарап­т­ың бірі «Отандастар қорының» басшысы Нұртай Әбіқаев Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың бастамасымен дүниеге келген аталған құ­ры­лым қазіргі таңда жұ­мы­сын жүйелеп, істі бас­­тап кеткенін, сонымен қатар алдағы уақытта министр­ліктер және облыс әкім­дік­тері қатарлы атқарушы орган­дармен бірлесіп меморандум арқылы жұмыс жасау қажеттілік екенін, ал бүгінгі шара соның бір айқын көрінісі дегенді жет­кізді.

Мұндағы мақсат эт­нос­тық қазақтар және шетелде тұратын отандастар­ды қолдауға бағытталып отыр. Атап айтқанда алдағы күндері қос тарап бірлесіп, ең әуелі халықаралық, рес­публикалық, өңірлік дең­гейде құрылтай, конфе­ренция, семинар, симпо­зиум, брифингтер ұйым­дастыру ісіне өзара жәр­­дем­деспек. Әсіресе биыл­­­ғы Жастар жылы қар­са­ңын­да шетелдегі этнос­тық қазақ жастары үшін оқу-әдістемелік құрал­дар әзірлеу, оларды интернет ресурстарда орналас­ты­руды қамтамасыз ету, екін­шіден, ел көлеміндегі ұлт­тық деңгейдегі кітап­хана­лар базасы негізінде шетел­де тұратын қазақ­тар туралы туынды­лар қо­рын құру және елі­міз­дегі олим­пиадалық даяр­лау мектеп-интернаттарын­да қазақтың дарынды спортшы жастарын грант негі­зінде оқыту, т.б жұмыс­тар атқарылмақ.

Осы орайда қос тарап мемлекеттік тапсырма аясында ағымдағы жылы «Қасиетті Қазақ елі» ха­лық­аралық дәстүрлі өнер фес­тивалі, Ресей Феде­рация­сында қазақ музы­касының концерттері, Қазақ­станның киелі жер­леріне экспедиция сияқты т.б. мәдени шаралар ұйым­дастырмақ.

Жоғарыдағы іс-шара­лармен қатар, отандастар арасында спорттық ойындарды дамыту жайы да қолға алынбақшы. Атап айтқанда, алдағы айларда Мюнхен қаласында өтетін кіші құрылтай бағдар­ла­масында шетел­дегі қазақ жастары арасында ша­ғын футболдан турнир өткізу жоспарланса, ішкі этнотуризмді дамыту үшін шетелде тұратын немесе атажұртына оралған қазақ­тардың ежелгі киіз бен тері өңдеу, ағаш, металл бұйымдардан жасалатын дүниелерді дайындау технологиясын заманға сай жаңғырту шарасы қарастырылмақ.

Жиынды қорытын­ды­­лаған министр Арыс­танбек Мұхамедиұлы, жоға­рыдағы атқарылуы тиіс ша­ралардың еліміз үшін ма­ңызы зор дегенге тоқталып, әсіресе шет­тегі қандастарымызға көрсе­тілер қамқорлық қоры­ның бұй­дасы тәжірибелі адам­ның қолында болға­ны құптарлық іс екенін айтты.