• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2019

Алматыда экоқаланың макеті құрастырылды

1341 рет
көрсетілді

Бұл күндері еліміздің төрт қаласында «Қазақстанды көгалдандыруға қатыс» науқаны өтуде. Урбанистердің қалаларды қалай тұрғызатындығы, қала құрылысының заманауи беталыстары және экологиялық ғимараттардың болашағы жайлы №1 Алматы балалар үйінің тәрбиленушілеріне белгілі алматылық сәулетші Эльдар Хасанов айтып берді.

Балалар ғимараттардың пішіні өзгеше бола алатыны, ауада немесе суда орналаса алатыны, кеңістікте қозғала алатыны туралы хабардар болды. Ең бастысы, заманауи сәулеттің экологияны сақтауға бағытталатынын түсінді. Үйлер жер қуатының есебінен жылытылып, жарықтандырылуымен қатар, дизайнында жасыл көшеттерге арналған кеңістікті де қамтуы мүмкін.

«Мен балаларға экоқалалар тұрғызу үшін қажетті жаңа кәсіптер жайлы әңгімеледім. Біздің қалалар көгалдандыруды қажет етеді. Қазақстанда тапсырыс берушілерге экоүйлер ұсынатын мамандар бар. Алайда, бастапқы құны бойынша экоқұрылыстар қымбат болғандықтан адамдар одан бас жиі тартады. Алайда экологиялылық шығындардың орны жылдам толады. Бүгінгі тыңдаушылардың арасында болашақ экоурбанист бар шығар. Балалар сәулет және дизайн жайлы әңгімені үлкен қызығушылықпен тыңдады», дейді Эльдар Хасанов.

Балалар үйіндегі ерекше кездесуге келген сәулетшіні Henkel компаниясы шақырды. Бұл компания «Қазақстанды Жасылдандыруға Қатыс» науқанының шеңберінде Қазақстанда ағаш отырғызуды қатарынан бесінші жыл жүргізіп келеді. Науқан кезінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларында шамамен екі мың ағаш отырғызылды. Биылғы жылы тағы 185 көшет отырғызылады.

«Жыл сайын біз тек көшет қана отырғызып қоймай, балаларға арналған білім беру бағдарламаларын өткіземіз. Бұл жолы біз балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін эко-квест ұйымдастырдық. Сәулетшінің әңгімесімен шабыттанған балалар қағаздан, пластилиннен және қолда бар басқа заттардан жасалған экоүйлер мен экокөліктің өз нұсқаларын ұсынды. Шараның соңында біз бірлесіп 35 көшет отырғыздық», деді «Henkel» компаниясының сатылымдар бөлімінің жетекшісі Глеб Абдуллин.

Айтқандай, балалар үйінің тәрбиеленушісі Алина Гудзеева әнші болуды армандайды. Егер арманы орындалса, экологиялық науқандарды өткізуге өзі мұрындық болатынына сенімді. 

«Маған болашақ үйлері өте ұнады. Олар кәдімгі ғимараттардай емес әрі экологияға мүлдем зиян келтірмейді. Егер танымал әнші болсам, экологияны қолдауға бағытталған шараларға қатысуға тырысатын боламын», дейді кішкентай Алина.

Орайы келіп тұрғанда, №1 облыстық балалар үйінде жиырма үш үйірме бар екенін, олардың он сегізін волонтерлер жүргізетіндігін айта кеткен жөн.