Енді шаруалар үйінен шықпай-ақ, алқаптардың жағдайын қадағалай алады. Egistic командасы кез келген уақытта өскіндердің қалыңдығы, тыңайтқыштардың қаншалықты екендігі мен топырақтың ылғалдылығын және басқа да көп жағдайларды қашықтықтан анықтауға мүмкіндік беретін, ғарыш түсірілімдерін өңдеудің бірегей жүйесін жасады. Ендігі жерде команда дайын өніммен нарыққа шығатыны туралы мәлімдеп отыр.
«Біз дәл егін шаруашылығына арналған Egistic атты – Қазақстандағы алғашқы отандық онлайн сервистің іске қосылғанын қуана хабарлаймыз. Агроөнеркәсіп кешені Қазақстан экономикасының бастапқы секторының қозғалтқышы болып табылады, сондықтан жаңа технологияларды енгізу әсіресе, ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін қажет. Осы ойдан қуат алған Egistic командасы 1 жыл бойы өнімді үздіксіз іске қосып, нақты нәтижесімен таныстырып отыр», – деді жобаның негізін қалаушы Найля Шодорова.
Egistic.kz – бұл агрономдарға немесе агробизнес иелеріне арналған, барынша аз шығынмен егіншіліктен пайдалы түсім алуға мүмкіндік беретін кешенді шешім. Енді даладағы жағдайды бақылау үшін үлкен аумақты айналып өтудің қажеті жоқ. Бірден, бір «кликпен» ғана ақпарат алу үшін Egistic.kz платформасына қосылу жеткілікті. Егер проблемалар анықталса, оларды жедел шешуге мүмкіндік бар. Мысалы, уақытты жоғалтпай, егістіктер нашар көтерілген учаскені қайта себу немесе тыңайтқыштар жеткіліксіз болған немесе өсімдіктердің дамуы нормадан артта қалған жерлерде тыңайту жұмыстары.
Egistic – Tech Garden Дербес кластерлік қоры жүргізетін Startup Kazakhstan халықаралық акселерация бағдарламасының табысты жобаларының бірі.
Бүгінде еліміздің әр өңірінде 30-ға жуық шаруа қожалығы Egistic платформасын пайдаланады. Жобаның қалаушылар жыл бойы олардың саны бірнеше есеге көбейеді деп жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жоба көрші елдердің нарығына шығады. Осылайша, бастапқы кезеңде қазақстандықтардың әзірленуіне ресейлік «Уралхим» алыбы қызығушылық танытқан, қазір ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде.
«Біздің идеямыз NURIS, Astana Business Campus Назарбаев Университетінің инновациялық кластері мен «Ғылым қоры» АҚ және Tech Garden ДКҚ қолдауынсыз іске аспайтын еді. Жобамыздың дамуына жан-жақты жәрдемдескен әрбір адамға алғыс айтамыз!» – дейді жобаның негізін қалаушы Жандос Керімқұлов.
АЛМАТЫ