• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2019

Қостанайда іскер әйелдер перзентхана ауласына гүл екті

893 рет
көрсетілді

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері облыстық перзентхананың ауласына ағаш және гүлдер көшетін отырғызды. Бұл акция халықаралық отбасы күніне арнап өткізілді.

Өмірдің түрлі саласында белсенді қызмет етіп жүрген әйелдер акцияларды жиі өткізеді. Отбасылық құндылықты дәріптеу үшін, гүлдер мен ағаш көшетін өздері алып келіп, оны отырғызу жұмыстарының барлығын атқарды.

«Отбасы – шағын мемлекет» деген қанатты сөз бар. Бұл тегін емес. Отбасы халқымыздың ең қымбат құндылығы деп санаймыз. Мемлекеттің өзі осы отбасылардан құралады, оның іргетасы десек болады. Қазір жастар арасында ажырасу көрінісі белең алып отыр. Сондықтан отбасылық құндылықты насихаттау мақсатында осы акцияны өткізуді жөн көрдік. Бұл перзентханада әйелдер бақытты сәбилерді дүниеге әкеле берсін, бақытты отбасылар қатары көбейсін деген жақсы ниеттен туған бастама болды», дейді облыстағы іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Балбөпе Ертаева.

Акцияға іскер әйелдер қауымдастығымен қатар студенттер де қатысты. Ағаш, гүл отырғызылған орынның күтімін олар өз міндетіне алды. Жыл сайын көктемде осы гүлзарда гүл егетін болады. Жақсы бастама жалғасын табады.

Қостанай