• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстанда Зауралье халықтары ассамблеясының күні өтті

967 рет
көрсетілді

Қорған облысынан келген делегация жергілікті жазушылармен, студенттермен, зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, бірқатар ұжымдарда болды.

Мұражай мен колледждерде көрме ұйымдастырылып, ресейлік өнерпаздардың туындылары тамашаланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Зауралье халықтары ассамблеясы арасында  екіжақты келісімдерге қол қойылды.

«Қорған облысының халық ассамблеясы  осыдан 19 жыл бұрын құрылды. Содан бері өңіраралық бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға лайықты үлесін қосып келеді. Солтүстікқазақстандық әріптестерімізбен ынтымағымыз жарасып, мәдени, рухани, тағы басқа салалар бойынша  іс-тәжірибелер алмасамыз, үйренеріміз көп. Осы жылды «Достық жылы» ретінде жариялай отырып, бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаластық.  9 маусымда өтетін  президент сайлауына біздің өңірден 20-дан астам адам бақылаушы қатысады», дейді Зауралье халықтары ассамблеясы кеңесінің төрағасы Владимир Уфимцев.

Қорған қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының жетекшісі Қайрат Ораловтың айтуынша, бұл жолғы сапар барысында  ақпараттық-гуманитарлық акциялар қоса қамтылыпты. Бүгінде облыста 12 мыңға жуық  қазақ тұрады. Қай салада болсын  олар табысты еңбек етіп жүр. Ана тілін балалармен қатар ересектер де үйренеді.

Қорғандық қонақтар  солтүстікқазақстандықтарды 12 маусымда өтетін Ресейдің мемлекеттік мерекесіне шақырды. Бұл күні Зауралье халық ассамблеясы 17 этнос өкілдерінің қатысуымен ауқымды мерекелік  шаралар ұйымдастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы