Ауыр атлетикамен әуестенетін балғын спортшы қазірдің өзінде бірнеше дүркін ел чемпионы болып үлгерген. Ал жақында Қостанай қаласында өткен жастар арасындағы додада 127 кг зілтемірді қабақ шытпай көтеріп, Қазақстан рекордын жаңаратты. 2005 жылы туған балалар арасында ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатына Сарқан ауданынан 3 спортшы барған екен. Барлығы жүлдемен оралды. Құрманбек ел чемпионы атанып, зілтемір көтеруде жаңа рекорд орнатса, Әскербай Әлихан өз салмағында 1-орынды жеңіп алды, ал қыздар арасындағы бәсекеде жүлделі 3-орын Айзере Ерденқызына бұйырды.
Алыстағы ауылдан шығып, Қазақстан чемпионатында топ жарған сарқандық ауыр атлетшіл балаларды аудан әкімі Марат Разбеков арнайы қабылдап, ел атынан алғыс білдірді. Өңірде саламатыт өмір салтын сақтау мен спортты дамытуға лайықты көңіл бөлініп отырғанын айтқан аудан басшысы болашақта қазақ спортының жұлдыздарына айналатын балаларға сый-сияпат көрсетті.