• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Мамыр, 2019

Асқар Жұмағалиев үшінші қазақстандық-америкалық бизнес-форумға қатысты

919 рет
көрсетілді

Цифрландыру, қорғаныс және аэроғарыш саласында америкалық инвесторларға ашылатын мүмкіндіктер туралы бәсекеге қабілеттілік жөніндегі форумда Асқар Жұмағалиев айтып берді. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанда цифрландыру қағидаларын енгізу нәтижесінде өткен жылы 580 млн АҚШ доллары көлемінде экономикалық тиімділікке қол жеткізілді. Бұл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бір көрсеткіші ғана.  Қазақстанды цифрландыру бұдан әрі жалғасады және АҚШ инвесторларымен ынтымақтастық орнатуда  аталған саланың әлеуеті зор», деп мәлімдеді Асқар Жұмағалиев.

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі атап өткендей, Қазақстан  бүгінгі күні  «CISCO»  және «IBM» секілді ірі америкалық компаниялармен белсенді  әріптестік орнатқан. Осымен бірге, өткен жылдың қараша айында жұмысын бастаған «Astana Hub» технопаркінде   IT-стартап және  инновациялар саласында бірлесіп жұмыс жүргізуге бірқатар мүмкіндіктер ашылып отыр.

Америкалық бизнес өкілдері Асқар Жұмағалиевтің шақыруына қызығушылық танытты, себебі олардың кейбірі Қазақстан аумағында  жүзеге асырылып жатқан жобаларды қаржыландыруда оң нәтижеге қол жеткізген. Біздің еліміздің географиялық тұрғыда орналасуы, инвестициялық ахуал, ІЖӨ көрсеткіші және негізгі секторлардың  дамуы авиациялық өнеркәсіп саласында ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп отыр.