• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2019

Қарабұлақ ауылындағы тігін цехы тұтынушылар тілегін қанағаттандырып отыр

1456 рет
көрсетілді

Алматы облысы Ескелді ауданындағы Қарабұлақ ауылында жеке кәсіпкер ашқан тігін цехы табысты жұмыс істеп тұр.

Іске пысық, қолы ісмер Зібила Рахымжан кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Бастау» жобасына қатысып, 6 млн теңге несие алған екен. Нарықыт зерттей келе ауылдан киім-кешек тігетін цех ашуды ұйғарыпты. Қазір шаңын цехта төрт адам жұмыс істеуде. Тігіншілер күнделікті тұрысқа қажетті бұйымдар мен киімдерді тігумен қатар, түрлі мерекелік костюмдер, мамандандырылған және ұлттық киім үлгілерін тапсырыс берушінің талғамына сай етіп дайындап береді.

Зібиланың тігін тұрғындарға қызмет көрсете басталғалы 1 жылдың  жүзі ғана болды. Цех ашылғаннан бері жұмысшылар 1000 астам тапсырысты орындап үлгерген. Бұл 16 мыңға жуық тұрғыны бар Қарабұлақ ауылы үшін әжептәуір көрсеткіш.

 - «Бастау» кәсіпкерлікке баулу жобасы арқылы бизнес жүргізуге машықтанып, 6 млн теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиеге алдым. қол Бұл қаржыға  автоматтандырылған станок пен бірнеше тігін машинасын, маталар сатып алдым. Кішігірім орынды жалға алып отырмыз. Тұрақты клиенттеріміз бар. Жекеменшік компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар тарапынан ірі тапсырыстар түсе бастады, - дейді кәсіпкер.

Алматы облысы