• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2019

Жалағашта кәсіпкерлік қанатын кең жайып келеді

976 рет
көрсетілді

Жалағаш ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Таң LTD» ЖШС-нің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылған спорт кешенінің жұмысымен танысып, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады.

Облыс әкімі алдымен Таң ауылдық округіндегі «Таң LTD» ЖШС-нің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылған спорт кешенінің жұмысымен танысты. 100 адамға арналған спорт кешенінде дзюдо және таэквандо үйірмелері жұмыс істейді. Мұнда 2 спортзал, киім ауыстыратын бөлме, санузел, тренер және медбике кабинеттері қарастырылған. Жаңа нысанда 11 адам жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, облыс әкімі тәулігіне 1000 дана консервіленген ет өнімдерін шығаратын «Таң ЛТД» ЖШС ет цехын аралап көрді. Кәсіпорында 14 адам жұмыспен қамтылған. Цех құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып, 2019 жылдың 1 мамырында аяқталды. Цех ғимаратында ірі қара малды сою бөлмесі, мұздатқыш, ет кесу және бумалау бөлмесі бар. Сондай-ақ мұнда ветеринар, технолог және 2 зертханашы жұмыс істейді.

Аймақ басшысы Жалағаш кентінде ағымдағы жылдың 1 мамырында жұмысын бастаған Jibek қонақ үй кешенінің жұмысымен танысты. Екі қабатты ғимаратта 4 кеңсе, 50 адамға арналған асхана, 3 люкс және 4 эконом санатындағы бөлмесі бар. Қонақ үйде 5 адам жұмыс істейді.

Өңір басшысының жұмыс сапары 2017 жылы ашылған Өркен Әлем ЖШС арнайы киім тігу цехында қорытындыланды. Аталмыш цех бронды кеудеше мен арнайы киімдер тігеді. Цехтың жылдық қуаты – 7000 данаға дейін бронды кеудеше тігеді, нысанда 24 адам жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Қызылорда облысы әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясы филиалы, қоғамдық кеңес және кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018-2020 жж. Өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы» ретінде жарияланған.

Биыл облыста шағын және орта бизнесті дамытуда несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін 900 млн теңге, сондай-ақ, шағын және орта бизнестің несиелерін ішінара кепілдендіру үшін 100 млн теңге қарастырылған. Өңірлік инвестициялық орталыққа ағымдағы жылы шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға 1 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, «Даму» Қорымен шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін 800 млн теңге қарастырылған жаңа бағдарлама жүзеге асырылуда. Онда кәсіпкерлер үшін ақтық мөлшерлеме жылына 8% болады. Қаражат Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 5 жылға 10-нан 20 млн теңгеге дейін беріледі.