• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2019

Адам құқықтары бойынша есеп тыңдалды

1177 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің елдегі адам құқық­­тарының ахуалы туралы жыл сайынғы есебі­нің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік орган­­­­дардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйым­дардың, академиялық орта­ның және Қазақстанда тіркел­ген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Аталған құжат шағымдар мен өті­ніш­тердің талдауын,­ мони­торинг қыз­метінің, сон­дай-ақ мем­лекеттік ор­ган­­­­дар­­мен, ха­лық­аралық және үкі­меттік емес құқық қор­ғау ұйымдарымен өз­ара іс-қимы­лының нәтижелерін көрсетеді.

Омбудсмен есептік жы­лы ден­саулық сақтау, азамат­тардың тұрғын үй құқық­та­­­­рын қорғау, балалар мен қоғам­дағы басқа осал топтар­дың құқықтарын қам­тамасыз ету, құқық қорғау және сот жүйе­сін реформалау басым ба­ғытта­ры­ның бірі болғанын атап өтті.

Былтыр Адам құқықтары жөніндегі уәкілге 1811 азамат құ­қықтарының бұ­зы­луына бай­ланысты шағымданған. Өті­ніштердің басым бөлігі Нұр-Сұл­тан және Алматы қа­ла­ларынан, Ақмола, Қара­ғанды, Қостанай облыстарынан түскен.

Мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау органдарының лауа­зымды тұл­ға­ларының іс-әрекеттеріне және әре­кетсіз­ді­гіне (28%), сот шешімдерімен ке­­ліс­пеу (26%), әлеуметтік құ­қық­тардың бұзылуы (17,5%) шағымдардың көр­сеткіштері жоғары болып қалып отыр.

Адам құқықтарының өзек­­ті мәсе­лелері бойын­ша ұсы­ныс­тар мен ұсынымдар Ом­буд­сменнің Үкіметке, Жо­ғарғы сот­қа, Бас прокура­ту­раға және бас­қа да мем­ле­кет­тік органдарына жібер­ген үн­деулерінде көрініс тапты.

Жоғарыда аталған ұсы­ным­дарға жеке мемлекеттік ор­гандардың уақ­ты­лы жә­не сындарлы түрде жауап­ берме­уі, осы мәселе бойын­ша тікелей Пре­мьер-Министр­ге жү­гінуге себеп бол­ды. Тұтас­тай алған­да, ұлттық құқық қор­ғау мекеме­сінің Үкіметпен өз­ара іс-қимылының тиімділігі оң баға­ланды.

Тұсаукесер барысында адам­ құқық­тары мәселелері бо­­­­­­­­­­йын­­­­ша жан-жақты пікір ал­­­ма­­сулар мемлекеттік орган­дар мен азаматтық қо­ғам ара­сын­дағы диалогты да­мытуға ық­пал етті.

Жыл сайынғы есеп бұ­дан ертерек Мемлекет басшы­сы­­­­ның қарауына ұсынылып, оның қо­рытындысы бойынша мем­­лекеттік органдарға қа­жет­ті шаралар қабылдау үшін тиіс­ті тапсырмалар берілген-ді.

Жалпы, тұсаукесерге қа­ты­­­­­­су­шылар Омбудсмен ме­ке­ме­сінің өткен жыл­ғы қыз­метіне оң баға беріп, адам құ­­қық­тарын бақылаудағы ма­ңыз­ды рөлі, азаматтардың конс­титуциялық құ­қық­тарын іс­ке асы­руға, адам құқықтары саласындағы ха­лық­аралық нормалар мен стандарттарды имплементациялаудағы қос­қан үлесі және ықпалы атап өтілді.