• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2019

Балаға да төлқұжат қажет

1492 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі еліміздің заң­намаларына 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен бірге шетелге шығу кезінде фотосуреттерін олардың төл­құжаттарына жапсыру талабын алып тастау бойынша түзетулер енгізуде.

Қазақстанда биометриялық төл­құжаттарды беру (электронды чиппен) 2009 жылдан бас­талды.

Ана-аналардың төлқұ­­жа­ты­на балалары туралы қол­мен енгі­зіл­ген жаз­бада биоме­триялық мәлі­меттер болмайды, сол себептен шекарадан өту кезінде проблемалар туындап, кей жағдайда азаматтар кері қайтарылып жатады.

Әлем бойынша құжаттық-виза­лық бақылаудан өткізу, жеке басты анықтау шара­лары жетілдірілуде және биоме­трия­­­­­лық мәліметтері бар құжат­тар (цифрлы фотосуреттер, сау­сақ таң­балары, көздің шатырша қабы­ғының кескіні және т.б.) енгі­зілуде.

Қазақстандықтар көп баратын елдерде (АҚШ, Ұлыбри­тания, БАӘ, Италия, Испания, Фран­ция, Чехия, Словения, Хорватия, Греция, Венгрия, Польша, Германия, Швейцария, Швеция, Қытай, Оң­түстік Корея және басқалары) сол мемлекетке ата-аналарымен кел­ген балалардың төлқұжаты болуы міндетті. Ал ата-ананың төл­­құ­жатына балалардың фото­сурет­терін жапсыру құжат ре­тін­де мойындалмайды.

Ата-аналардың төлқұжатына фо­тосуреттерді жапсырудан бас тарту бірінші кезекте шетелде қиын жағдайда тап болуы мүм­кін балаларды қорғауға және оларды шетелге заңсыз тасымал­дау тәуекелдеріне байланысты болып отыр.

Балаларға төлқұжат тек шетелге шыққанда ғана қажет, рес­публика аумағында оның же­ке басы тууы туралы куәлік­пен, ересек азаматтар жеке куәлі­гімен расталады.

Қазір жазғы демалыс жақын­дап келеді. Осыған байланысты ІІМ шетелге баруды жос­пар­лаған ата-аналарға басқа мемлекеттің шекарасынан еркін өту үшін өздерімен баратын бала­лардың төлқұжаттарын күні бұрын рәсімдеуге кеңес бере­ді.