Орталық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесуге ТМД ПАА халықаралық байқаушылары, ТМД ПАА Демократия, парламентаризм және азаматтардың сайлау құқығын сақтау жөніндегі халықаралық бақылау институты (ДДМХИ) директорының орынбасары Е.Голоулина, ДДМХИ сараптама тобының басшысы С.Ткаченко, ДДМХИ сайлауды мониторингілеу бөлімінің кеңесшісі Т.Шульгина келді.
Оларды Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Зәуреш Баймолдина мен Бақыт Мелдешов Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының биылғы 10 сәуірден бастап, 9 мамырға дейінгі өткен және өтетін іс-шараларымен таныстырды. Соның ішінде Орталық сайлау комиссиясының мүшелері кездесу барысында сайлау науқанының барлық кезеңдері туралы нақты баяндады. Оған қоса, келген байқаушылар тобын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен де хабардар етті. Соған байланысты аталған науқанның негізгі кезеңдерін, яғни ұсыну, тіркеу, сайлау алдындағы үгіт пен дауыс беру күнін көрсете отырып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы хабардар етті.
Сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы демократияны, парламентаризмді дамыту және ТМД ПА қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау халықаралық мониторинг институты өкілдері 2017-2018 жылдары енгізілген сайлау заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы, соның ішінде сайлау алдындағы үгітке, сайлау науқанын қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер және басқа да ақпараттармен қамтамасыз етілді. Ал ТМД ПАА ДДМХИ директорының орынбасары Е.Голоулина, қазіргі уақытта сайлау науқаны өте ашық әрі барлық заң талаптарына сай өтіп жатқанын және соған өздерінің ризашылықтарын жеткізетіндігінен хабардар етті.
Жалпы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД ПАА) – Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының жоғарғы заңшығарушы үйлестіруші органы. Парламентаралық Ассамблеясы құрамына Тәуелсіз мемлекеттер достастығының барлық 12 елінің өкілі болып табылатын парламентшілер кіреді. Парламентаралық Ассамблеяның негізгі міндеті – ТМД елдерінің ұлттық заңнамаларын үйлестіру. Үлгі заңдар, тікелей ықпалы болмаса да ТМД елдерінің ұлттық заңдарын жасауда бірыңғай көрсеткіш болып табылады. Ассамблея сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің әріптестігі, өзара ықпалдасуы, қарым-қатынастарының дамуына бағытталған бірқатар саяси, экономикалық, мәдени салалардағы мәселелерді қарастырады.