• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2019

Алматыда жас дизайнерлердің халықаралық байқауы өтті

1374 рет
көрсетілді

16 мамырда Алматы технологиялық университетінде ҮІІ «JAS-ӨRKEN - 2019» жас дизайнерлер мен модельерлердің халықаралық байқауы өтті. Аталмыш шара 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқаудың басты мақсаты - студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, жас дизайнерлердің кәсіби ортасын қалыптастыру және әлемдік сән индустриясында халықаралық ынтымақтастық аймағын құру.

Шараға Қазақстаннан, Орталық Азиядан және Ресейден жас дизайнерлер қатысты. Қатысушылар 4 номинация бойынша сынға түсті. Олар: сreative art, рret-a-рorte, дебют, этно-фьюжн. Байқауға Қазақстанның жетекші дизайнері Аида Кауменова,  сән блогері Оксана Ким, KFW компаниясының негізін қалаушы Ботагөз Алдоңдарова, Aldo Art Institute институтының директоры Альдо Галли Davide Alesina (Италия) әділқазы болды.

Байқау қорытындысы бойынша Алматы технологиялық университетінің студенті Айгерім Оспан (жетекшісі А.Сабитова) «Fall» коллекциясымен Гран-при иегері атанып, 200 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Бірінші орынды Ресей Федерациясының қатысушысы «В твоих клетках» коллекциясымен Ирина Михайлова иеленсе, екінші орынды «AQRA» коллекциясымен Алматы технологиялық университетінің студенті Жанат Абулқасымова иеленді. Ал «Вообрази» коллекциясымен Ресей Федерациясынан қатысқан Ольга Ким үшінші орынға ие болды. Жүлделі орындардан бөлек әр номинация бойынша үздік шыққан қатысушылар марапатталды. «Рret-a-рorte» номинациясы бойынша Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенті Жарқын Рыскелді «Торжество цвета» коллекциясымен, «Дебют» номинациясы бойынша Алматы технологиялық университетінің студенті Жанар Байділдә «Гүлдер менің әлемім» коллекциясымен, «Этно-фьюжн» номинациясы бойынша Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенті Айгерім Ербол «Ертегі –tales» коллекциясымен, «Арт-дизайн» номинациясы бойынша «Молодежь Казахстана» коллекциясымен Алматы технологиялық университетінің студенті Дана Бақыт үздік деп танылды.