• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстанда гір спортынан ел чемпионаты өтті

1024 рет
көрсетілді

Қазақстанның барлық өңірлерінен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан жиналған 140 спортшы 7 салмақ бойынша өзара күш сынасты.

Гір спорты және армрестлинг федерациясының президенті Марат Асайыновтың айтуынша осында жеңімпаз атанғандар  Франция және Сербияда өтетін Еуропа, әлем біріншіліктеріне қатысу құқына ие болады.

Әйелдер арасында елордалық Ақмарал Зұпар 10 минуттың ішінде  24 килолық гірді 164 рет көтеріп, өз салмақ дәрежесі бойынша жарыстың ең биік тұғырына көтерілді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, петропавлдық Мария Науменко жұлқи көтеруде рекордтық көрсеткіштен асып түсті.

Ерлер бәсекесі аса тартысты болды. Қызылжар өңірінің өкілі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Артем Головин 32 килолық гірді  129 рет көтеріп, Қазақстанның рекордын жаңартты. Оның жерлесі, әлем чемпионы  Виталий Диденко  95 кило салмақта абсолютті жеңімпаз атанды. 

Жалпыкомандалық есепте  қостанайлықтар – бірінші, алаң иелері – екінші, шығысқазақстандықтар үшінші орынды иеленді.