24-27 мамыр аралығында Қытайдың Хохот қаласында дзюдодан кезекті Гран-при турнирі өтеді. Бас бапкер Айдын Смағұлов Қытайдағы турнирге қатысатын балуандар есімін атады деп жазады Olympic.kz.
Хохот татамиінде төмендегі спортшылар жүлдеге таласады:
60 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев
66 келі: Ерлан Серікжанов, Елдос Жұмақанов
73 келі: Жансай Смағұлов, Серік Ақылбек
81 келі: Дидар Хамза, Руслан Мұсаев
90 келі: Ислам Бозбаев, Ерсұлтан Мұзаппаров
100 келі: Айбек Серікбаев, Әділхан Қозыбаев
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай
Жарысқа әлемнің 47 мемлекетінен 419 спортшы қатысады деп күтілуде.