• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2019

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың шомылуына арналған орындар анықталды

1029 рет
көрсетілді

Құтқарушылар шомылу маусымына дайын деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, қала аймағындағы барлық 15 су қоймасы тексерілді. Тек үшеуі ғана жүзуге жарамды деп танылды, қалғандары өмірге қауіпті. Қаланың ТЖД-нің азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Эльдор Раимбековтың мәліметі бойынша Нұра-Есіл арнасы, Есіл өзенінің ағыны, сонымен қатар Ақбұлақ және Сарыбұлақ  өзендерінің ағыны жүзуге жарамсыз. Қаладағы су бұрқақтары да жүзуге арналмаған. Редиссон қонақ үйінің маңындағы орталық қалалық жағажайда, сонымен қатар «Три пескаря» және «Күйген Жар» демалыс орындарында ғана шомылуға рұқсат етілген. 

«Рұқсат етілмеген жерлерге біз тыйым белгілерін, ақпараттық стендтер орнатамыз. Статистика бойынша бізде қайғылы жағдайлар дәл осы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде тіркеледі», деді Эльдор Раимбеков. 

Балалардың қатысуымен болатын қайғылы жағдайлардың санын азайту  үшін жазғы демалыстың алдында қаланың барлық мектептерінде құтқарушылар жаттығу-сабақтар мен дәрістер өткізеді. 

«Тек қана рұқсат етілген орындарда жүзіңізді, су қоймаларының жанында балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды, су қоймаларының маңында демалған кезде спирттік ішімдіктерді қолданбауыңызды, сонымен қатар, балықшылардан балық аулау кезінде құтқару жилетін киюлерін сұраймыз»,  деп қорытындылады Э.Раимбеков.