• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Мамыр, 2019

Гимнастика: Әлем кубогына аттанады

895 рет
көрсетілді

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрама командасы алдағы күндері әлем кубогының екі бірдей кезеңдік сайысында бақ сынауды көздеп отыр.

Алғашқысы осы аптаның аяғында Хорватияның Осиека қаласында өтеді. Ұлттық командамыздың бапкерлері айтулы додаға Фарух Нәбиев пен Аян Молдағалиев сынды жастарды апаруды құп көрді. Себебі, еліміздің дарынды гимнасшылар да дүбірлі додаларға жиі қатысып, халықаралық аренада тәжірибе жиюға тиіс.   

Келесі жарыс мамыр айының соңында Словенияның Копер қаласында ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде республикамыздың үздік спортшылары – Милад Карими, Нариман Құрбанов және Ілияс Әзизов сайысқа түседі.