• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2019

Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы бас жүлде жеңіп алды

1161 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани қазына – 2019» мәдениет және өнер саласы шағын ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ республикалық конкурсы мәресіне жетті. Конкурста Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы «Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығы» аталымы бойынша байқаудың бас жүлдесін және 1 миллион теңге сертификатын жеңіп алды.

Байқау нәтижесінде, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Қалдыгүл Досмағанбетова «Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік мемлекеттік қызметкері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.