Бүгін Словакияда шайбалы хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық сайыстары өтеді.
Алғашқы қос кездесу Канада мен Швейцария және Ресей мен АҚШ арасында өтеді. Олар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:15-те шеберлік байқасады. Канадалықтар мен швейцариялықтар Кошице қаласындағы 8 347 көрерменге есептелген «Стил Аренада», ал ресейліктермен америкалықтар Братиславадағы 13 579 адамды сыйдыра алатын Ондрей Непела атындағы «Словнафт Аренада» күш сынасады.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:15-те Финлияндия мен Швеция және Чехия мен Германия өнер көрсетеді. Алғашқы матч Кошицеде, екіншісі Братиславада өтеді.
Жартылай финалдық бәсекелер 25 мамырда өтсе, сан миллион жанкүйер 26 мамырда қола медаль үшін тартыс және финалдық ойынды тамашалайды.