Тікелей желі кезінде кез-келген адам өз сұрақтарын WhatsApp және әлеуметтік желілер сияқты байланыс құралдары арқылы жіберген.
Қанат Таймерденовтың айтуынша, «тікелей эфир» азаматтарға өз ұстанымын жеткізуге және полиция басшылығына баға беруге мүмкіндік беретін ең қуатты әлеуметтік сауалнама болып табылады.
Бұл жолғы эфирде 200-ден астам көрермен қатысты. Көптеген адамдар жол қызметі желісі бойынша, жолдарда, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар бойынша сұрақтар қойды. Ешқандай сұрақ назардан тыс қалмайды.
Сондай-ақ, пайдаланушылар полиция департаментінің бастығына облыс тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас жасап, мәселелерді шешкені үшін алғыстарын білдірді.
Маңғыстау облысы