Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Амджад Аталлахпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Сенат басшысының «Доха дебаттары» телебағдарламасының басқарушы директоры Амджад Аталлахпен кездесуі барысында өзара іс-қимылдың келешегі зор жобалары, атап айтқанда Еуразиялық медиа форумның телебағдарламамен ынтымақтастығы талқыланды.
Бағдарламаның мақсаты – көпжақты пікірсайыстар мен нақты іс-қимылдар арқылы жаһандық проблемалардың бірлескен шешімдерін іздестіру. Бұл Еуразияның және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі проблемалары бойынша еркін және ашық пікірлесу қалыптастыруға бағытталған ЕАМФ миссиясымен үндес келеді.