• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2019

Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу жаңа әуе бағыты ашылды

1308 рет
көрсетілді

Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу əуе бағыты іске қосылды. Бұл туралы Ақмола облысының туристік ақпараттық орталығы хабарлады.

Айта кету керек, қазіргі кезде Көкшетау әуежайы арқылы Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыттарында аптасына екі рет  ішкі әуе  рейстері қатынайды. 

«Бүгін 26 мамырдан бастап Көкшетау халықаралық әуежайы арқылы Мәскеуден 36 шақырым жерде орналасқан «Жуковский» əуежайына  тікелей əуе рейсі ашылып отыр. Билет құны 47 мың теңге. Жолаушылар тасымалын əр жексенбі сайын  «ИрАэро» əуе компаниясының 103 жолаушыға арналған SukhoiSuperjet 100 (Сухой Суперджет) жайлы ұшақтары жүзеге асыратын болады.  Алдағы уақытта әуе қатынасының жиілігін аптасына екі ретке дейін ұлғайту жоспарда бар», деп атап өтті Ақмола облысы туристік ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.