• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Руханият 27 Мамыр, 2019

«Менің атым Қожа» – Лондонда!

2550 рет
көрсетілді

Еуразиялық кинофестивалдің директоры Майра Қарсақбаева бізге берген сұхбатында 6-10 маусым аралығында Лондонның кинозалдарында көрсетілетінін айтты. Бұл жобаны лондондық «Romford film festival» компаниясы қаржыландырды.

«Бұл ұзақ жылғы келіссөздердің нәтижесі. Орталық Азия елдері тарихында қазақ киносы тұңғыш рет ағылшын тіліне тәржімәланды. Дубляжға америкалық кино-театр үйірмелерінің мүшелері қатысты. Оларды табу немесе келістіру бізге оңай болған жоқ», - дейді Майра Қарсақбаева бізбен әңгімесінде. 

Айта кету керек, «Romford film festival» шымылдығын қазақтың классикалық киносымен ашылады. Оның көрсетілу уақыты 6 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 14-де басталады. Аталмыш кинофестивалде қазақстандық кинорежиссер Әзиз Зайыровтың «Қыз бен теңізі»  киносының таныстырылымы болады. Майра Қарсақбаеваның хабарлауынша, «Менің атым  Қожаның» басты кейіпкерлері Нұрлан Санжар мен Гүлнар Құрабаева Лондонға баратын делегация құрамына кірмей қалған. Себебі  «Romford film festival» компаниясымен жасалған келісімшартта олардың жол шығандары қарастырылмапты.

Бұл Қожаның алғашқы шетелдік сапары емес. 2018 жылдың қазан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы тұңғыш рет түрік тіліне аударылып, Анадолы жеріндегі өз оқырмандарымен қауышқан болатын. Дүниежүзінің 67 тілінде жарық көрген шығарманы түрік тілінде сөйлеткен аудармашы Жамилә Кынаджы.

АЛМАТЫ