• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 27 Мамыр, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады

905 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-Министрі лауазымына қайта сайланған Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы жеделхатта Нарендра Модиді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Үндістан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, Бхаратья Джаната партиясының басым жеңісі Үндістан халқының оған деген сенімі мен қолдауын көрсететінін айтқан. 

«Сіздің көшбасшылығыңыз бен қабілетіңіздің арқасында Үндістан өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетіп, халықаралық беделін нығайта түседі деп сенемін. Қазақстан мен Үндістанның достас халықтарының игілігі үшін стратегиялық ынтымақтастығымызды тереңдете беруге дайын екенімізді жеткіземін», – делінген жеделхатта.  

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрінің қызметіне табыс, халқына бейбіт өмір мен береке тіледі.