• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Мамыр, 2019

200 мектеп түлегіне – әкім гранты

1228 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында биыл мектеп бітіретін 5579 түлектің 4298-і Ұлттық бірыңғай тес­тілеуге қатысуға өтініш біл­­дірген. Облыстық білім бас­қар­масы басшысының мәлі­ме­тінше, биылғы ҰБТ об­лыстағы 4 тестілеу пунк­тінде 20 маусым мен 5 шілде ара­лығында өткізіледі.
Білім деңгейін анықтаудың биыл­ғы ерекшелігі, оқушылар жылына 4 рет тест тапсырады. Мәселен қаңтар, наурыз, тамыз айларында тестілеуден өтіп, шектік балды жинай алған талапкерге сертификат беріліп, ЖОО-ның тек ақы­лы бөлімдеріне ғана оқуға тү­суге мүмкіндік алады. Ал ал­дағы маусым айындағы сынақтан жо­ғары балл алғандар мемлекеттік грантқа ие болады.  

Сондай-ақ жылдағы дәс­түрмен биыл да түрлі санаттар бойынша мектеп бітірушілерге жоғары оқу орнына түсуге  облыс әкімінің гранты беріледі. Өткен жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 175 жас жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Олардың тоқсан па­йызы  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім және жартылай жетім, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. Қазіргі таңда олар еліміздің 13 жоғары оқу орнында кәсіби білім алуда. Ал биылғы мектеп бітірушілер үшін облыс әкімінің 200 білім гранты тағайындалып отыр және бұл мүмкіндікке әлеуметтік қолдауды талап ететін отба­сылардың балалары қол жет­кізеді, дейді мамандар.

Ел арасында тегін оқуға қол жет­кізуге шынайы мұқтаж түлектер бар. Олар­дың үл­кен өмірге қадам басуына мемлекеттің, жанашыр азамат­тар­дың нақты қолдауы қа­жет-ақ. Маң­ғыстауда бұл тұрғыда грант­қа өтініш білдірген 200 түлектің тағ­дырын арнайы комиссия шешетін бо­лады. 

Маңғыстау облысы