• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Мамыр, 2019

«ExxonMobil» басшысымен кездесті

800 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстандағы «ExxonMobil» басқарушы директоры Динеш Сивасамбумен кездесу өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мұ­най-газ саласында, со­ның ішінде Теңіз және Қаша­ған кен орын­дарын игеру жөніндегі бір­лес­кен жобаларды іске асыру аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен өзекті мәсе­лелері талқыланды.

Энергетика министр­лігі­нің дерек­тері бойынша, биыл Қаша­ғанда 12,9 млн-ға жуық тонна мұ­най және 8 млрд газ өндіру көз­делген. Реконструкциялау жұ­мыс­тарынан кейін кен ор­нын­да тәулігіне 70 мың баррель дең­гейінен бастап өн­ді­ру қай­та жаңартылды. Мұны біртіндеп арт­тыратынын ес­керсек, келешекте күнделікті көлем 370-400 мың баррель мұнайға жетеді.

Сондай-ақ Теңіз кен орны­ның нысандарында күр­делі жөндеу жұмыстарын жүр­гізу жос­парланған. Бұ­ған қоса Хазар кен орныме­н бірге Қалам­қас-теңіз кен орнын игеру мәсе­лесі пысықталуда.

Кездесуде ExxonMobil Қазақ­­­­стан­ның маңызды се­рік­тесі екені аталып өтті, ком­­пания­мен тығыз ынт­ы­мақ­тастық елі­міздің мұнай саласын да­мытуға ықпал етеді.