• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Мамыр, 2019

Өзара әріптестікке серпін қосқан сапар

798 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің делегация­сы Ресей Федерациясының Конституциялық сотына жұмыс сапарымен барды.

Конституциялық кеңестің төрағасы Қ.Мәми жетекшілік еткен делегация құрамына Кеңестің мүшесі В. Малиновский, Құқық­тық қамтамасыз ету және халы­қ­аралық ынтымақтастық бөлі­мінің басшы қызметкерлері М.Бада­лиев және Н. Тасболатов кірді.

Іс-шара 2016 жылы Қазақстан мен Ресейдің конституциялық әді­лет органдары арасында жа­сал­ған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында Ресей тарапының бас­та­масымен жүзеге асырылды.

Сапар барысында Қазақстан делегациясы мен Ресей Консти­туциялық сотының құрамы арасында пікір және ақпарат алмасылды.

Судьялармен әңгімелесу барысында Қ.Мәми: «Кей­бір институционалдық айырмашы­лықтарға қарамастан, біз ұқсас мақсаттарды көздейміз. Бұл Конституцияның үстемдігін, оған заңнама мен құқық қолдану практикасының сәйкестігін қам­тамасыз етуге, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тікелей қатысты», деді.

«Өзара іс-қимылдың мұндай форматы бізге жүктелген өкі­леттіктерді іске асыру тә­сілдері мен жолдарын, Негізгі Заңның жекелеген нормаларын түсін­діру және конституциялық құн­дылықтарды қорғау практика­сын тереңірек зерттеуге мүм­кін­дік береді. Біздің қарым-қаты­нас­тарымыз алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастық пен алда тұрған күрделі міндеттерді шешу кезінде өзара қолдау көрсету рухында дами беретініне сенімдімін», деп қорытындылады сөзін Қ. Мәми. 

Конституциялық бақылау­ды жүзеге асыру сапасы бел­гілі бір шамада осы орган­­дардың аппараттары қамта­масыз ететін ақпараттық-тал­да­малық және ғылыми-кон­суль­тативтік сүйемелдеу деңгейіне де байланысты. Сондықтан Қазақстан Кон­ституциялық кеңесі аппара­тының қызметкерлері Ресей Конституциялық соты хатшы­лығы басқармаларының бастық­тарымен келіп түскен өтініш­терді қарау кезінде осы органдардың құрамдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Тұтастай алғанда, сапар Қа­зақстан мен Ресей Феде­ра­ция­­сының Консти­туцияның үс­темдігін қамтамасыз ету сала­сындағы ынтымақтастығына жаңа серпін беруге және екі мем­лекеттің конституциялық даму процестеріне байланысты көп­теген өзекті мәселелерді ше­шу жолдарын табуға мүм­кіндік береді.