Кездесу барысында құқық қорғау мәселелері бойынша, соның ішінде азаматтардың сайлау құқықтарына, сайлау өткізуге, сөз бостандығы мен жиналыстарға қатысты пікір алмасылды.
Омбудсмен халықаралық байқаушыны елдегі адам құқықтарының ахуалы, осы саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ БҰҰ конвенциялық органдарының Қазақстанға мерзімді баяндамалар шеңберінде берген ұсынымдарын имплементациялау туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау, демократиялық институттар мен құқық төрелігі негізгі құрам бөлігі болып табылатын қауіпсіздіктің адами өлшем шеңберінде Омбудсменнің ЕҚЫҰ құрылымдарымен ынтымақтастығын жалғастыру қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.