• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2019

Ғалымға ескерткіш орнатылды

1046 рет
көрсетілді

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне өткен жылы академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілген еді. Енді білім ордасының алдына әлемдік деңгейдегі ірі ғалымның ескерткіш мүсіні орнатылды. Оның ашылу салтанатына қостанайлықтармен қатар академик Кенжеғали Сағадиев, сенатор Бақытжан Жұмағұлов және ғалымның жұбайы Райхан Ғаниқызы, балалары, немерелері қатысты.

– Академик Өмірзақ Сұл­­танғазинді дүние жүзіндегі ғылыми қоғамдастықтардың білмейтіні кемде-кем. Оның еңбектерін әлемнің әйгілі математиктері жоға­­­ры ба­ғалады. Қостанай топыра­ғы­нан түлеген перзенттің ма­тематика ғылымына қос­қан жаңалықтары көп-ақ, соның ең ірілерінің бірі осы ғылымдағы өзекті проб­лема – «Больцманның теориясына» қосқан үлесі. Ше­телдік жетекші ғалым-ма­тематиктер «Сұлтанғазин бағыты» деп, Өмекең ашқан бұл жаңалыққа арнайы айдар тақты, осы еңбекке сілтеме жа­сап отырады. Қостанай же­ріндегі кішкентай Қараоба ауы­лында туып, ержеткен ға­лым әлемнің көптеген ел­деріндегі университеттерде өзінің ғы­лыми мектебін құрды. Бұл – ұлттың мақтанышы, – деді Кенжеғали Әбенұлы.

Өмірзақ Сұлтанғазин өмі­рінің соңғы 15-20 жылында ғарыш әлемін зерттеді. Со­ның негізінде елімізде Ға­рыш­тық зерттеулер инсти­туты құ­рыл­­ды. Ғалым еліміз­дің тұң­ғыш ғарышкері Тоқ­тар Әу­бә­кі­ровтің және Тал­ғат Мұса­баевтың ұшу бағдар­лама­сын жасады. Олардың бағ­дарламалық атқарған жұмысы дүниежүзілік ғалымдар арасында жоғары бағаланды.

Өз есімін иеленген бі­лім ордасынан білімге сусын­даған жас ұрпаққа алдағы күн­ге деген сеніммен кү­лім­­­сірей қарап отырған Өмір­зақ Махмұтұлының мү­­сінін белгілі мүсінші Қай­рат Сұраншы сомдады. Ға­лым­­ның мүсіні Қостанай қаласының көркіне көрік қо­­сатын ескерткіштер қа­та­­ры­нан орын алып қана қой­майды, еңбекқорлық пен­ адамгершілікті, зиялы­лық­­ты, отанды сүюді білім қу­­­ған жас­тар мен жалпы жұрт­­шы­лықтың есіне сәт са­­­йын салып тұрғандай әсер бе­реді.

 

ҚОСТАНАЙ