• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Мамыр, 2019

Самбо: Парижде Бейімбет Қанжанов бас жүлдені олжалады

848 рет
көрсетілді

Францияда самбодан өткен Париж Гран-Приі додасында Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Бейімбет Қанжанов қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады.

Осыған дейін де Бейімбеттің елеулі табыстарға қол жеткізгенін жанкүйерлер жақсы біледі. Ол – 2015 жылы әлем чемпионы, 2017 жылы сол жарыстың қола жүлдегері, 2013 жылғы Азия чемпионы және Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері және 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Париждегі додада қарағандылық спортшы асқан шеберлік танытып, 62 кило салмақ дәрежесінің бас жүлдесін олжалады. Финалда қандасымыз Францияның ең үздік балуаны Лукас Бертхолланнан басым түсті.   

Сондай-ақ айтулы турнирде Нұрбол Серіков (74 кило) қола медальді иеленсе, жауынгерлік самбодан өткен сайыста Темірлан Ықсанғалиев (82 кило) күміс жүлдені еншіледі.