• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 30 Мамыр, 2019

Айдос Сарым: Пікірталастардың көп болғаны жөн

1062 рет
көрсетілді

Президенттіктен үміт­кер­лердің теледебатында мені қуантқан бірнеше ерекшелік бар. Соның біріншісі – теле­дебаттың басым көпшілігі мемлекеттік тілде өтті. Бұл қазақ сайлаушыларының бел­сенділігінің артқанын және қазақ тілінің рөлі жоғарылап келе жатқанын көрсетеді. 

Дебатқа қатысқан кан­дидат­­­тардың ішінде көзге түскен 3-4 адамды ерекше атап өтуге болады. Маған, әсіресе, Әли Бектаевтың сөздері нанымды болып көрінді. Ол көп тақырыпқа барған жоқ. Өзінің ұстанымында тұрақ­ты болып қалды. Тек қана ауыл шаруашылығына қа­тысты мәселелерді көте­ріп, қарсыластарының сұрақтарына белсенді жауап бере алды. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаевтың сөйлеу шеберлігі ұнады. Оның бұл дебатқа әбден дайындалғаны көрініп тұрды. 

Әміржан Қосанов өзінің мүмкіндігін барынша пайда­лануға тырысты. Алайда, оның сөздері мен күткендей жалынды әрі белсенді болмады. Шынын айту керек, осы додада көңілден шықпайтын тұстар кездесті. Коммунистер мен кәсіподақтардың атынан түскен екі кандидаттың сөздерінде бірізділік бай­қалмады. Әрине, шектеулі уақыт ішінде үлкен тақы­рыпты алып шығу қиын екені белгілі. Сондықтан мұндай дебаттардың барынша көп болғаны дұрыс. Мұны қоғамның саяси мәдениетін жаңа үрдістерге бастайтын жақсы дүние деп есептеймін. 

Айдос САРЫМ,

саясаттанушы