Сенбі, 20 сәуір 2013 0:51
Парламент Мәжілісінің депутаттары және министрлік қызметкерлерінің қатысуымен өткен сапар 3-12 сәуір аралығын қамтыды. Осы мерзім ішінде әртүрлі өндіріс қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, әлеуметтік нысандарда жиындар ұйымдастырылып, жұртшылыққа әйелдердің зейнет жасын ұзарту арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын және зейнет жасы таяған адамдардың жұмыс орнының сақталуына қол жеткізуге болатыны туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өңір тұрғындарын толғандырып жүрген зейнетақы қорларын біріктіріп, бір жүйеге келтіру секілді маңызды мәселелер қозғалды.
Сенбі, 20 сәуір 2013 0:51
Парламент Мәжілісінің депутаттары және министрлік қызметкерлерінің қатысуымен өткен сапар 3-12 сәуір аралығын қамтыды. Осы мерзім ішінде әртүрлі өндіріс қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, әлеуметтік нысандарда жиындар ұйымдастырылып, жұртшылыққа әйелдердің зейнет жасын ұзарту арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын және зейнет жасы таяған адамдардың жұмыс орнының сақталуына қол жеткізуге болатыны туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өңір тұрғындарын толғандырып жүрген зейнетақы қорларын біріктіріп, бір жүйеге келтіру секілді маңызды мәселелер қозғалды.
Мәселен, осы жылдың 8-10 сәуірі аралығында Павлодар облысында Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өткен жиында жұрт алдына зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) басшысының бірінші орынбасары Сәуле Дүйсенова шығып, сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, осы күндері Павлодарда орталық өкілдерінің қатысуымен қаладағы балалар ауруханасында тағы бір жиын өткізілді. Аталған жиынға 180-нен астам медицина қызметкерлері қатысты.Екібастұз қаласында зейнетақы орталығының қалалық филиалы ғимаратында өткен жиында жұмыс беруші компания өкілдері мен кәсіподақ мүшелері зейнетақы жүйесіне қатысты сауалдарға жан-жақты жауап алып тарқасты.Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында да зейнетақы жүйесіне қатысты әртүрлі кездесулер ұйымдастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Гүлнәр Тоқсейітова халықтың неғұрлым ұзақ еңбек етіп, жинақты көп жиса, соғұрлым артық зейнетақы алатынын әрі зейнет жасын бірден көтереді деп, байбалам салу жаңсақ пікір екенін, бұл үрдістің біртіндеп жүретінін, 63 жастан зейнетке тек 2024 жылдан бастап шығатынын айтты.Екі күнге (5-6 сәуір) созылған кездесуге кәсіподақ ұйымдары өкілдері, сонымен қатар, ЗТМО директорының орынбасары С.Сабыржанов және аталмыш орталықтың әр аймақтан келген қызметкерлері қатысты.Еңбек министрлігінің өкілдері мен орталық мамандарының қатысуымен өткен жиындар ауылды жерлерді ұмыт қалдырмады. Бородулиха, Көкпекті, Зырян аудандарына қарасты елді мекендерде де кездесулер болып өтті. Келесі жиын Семейдегі ядролық орталық қызметкерлерінің қатысуымен өтті.5-9 сәуір аралығында Алматыда бірнеше кездесулер болды. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Нұржан Әлимұхамедов бастап барған мамандар тобы Халықаралық ІТ университеті, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Қ.Ахметов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаты және Сызганов атындағы ұлттық хирургиялық ғылыми орталығында кездесу өткізді. Аталмыш жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары Гүлнәр Иқсанова, Айткүл Самақова, Гүлмира Исімбаева қатысты.Ал Қарағанды және Теміртау қалаларындағы «Имстальком», «Карагандинский мелькомбинат», «ТНК ТИАТР» компаниялары және «ТПК Ригер фармацевтикалық логистикалық кешені» базасындағы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ президенті Алмас Құрмановтың қатысуымен өткен кездесулерде «Қазақстан-2050» Стратегиясы, зейнетақы жүйесін жетілдіру және Бірыңғай зейнетақы қорын құру мәселелері бойынша тыңдаулар болды. Сонымен қатар, 8 сәуірде облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, аудан әкімдері, ЗТМО қызметкерлері және жұмыспен қамту орталығы мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, келесі күні «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының қызметкерлерімен кездесу болды. 11 сәуірдегі жиын Қарағанды облыстық «Нұр Отан» ХДП активтерінің қатысуымен өтті.Бас-аяғы 9 күнге созылған кездесулерде тек зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстары ғана түсіндіріліп қоймай, өңір жұртшылығына әлеуметтік мәселелерге қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді. Халықты әйелдердің зейнет жасын ұлғайту, жұмыспен қамту мәселелері, зиянды өндіріс ошақтарында еңбек ететін жұмысшылардың зейнетақы алу тетіктері толғандырып отыр. Мамандар жұрттың көңілінде жүрген, көкейге түйген сауалдарына жауап беріп, жүйені жаңғыртудың маңызды қырларын егжей-тегжейлі түсіндірді.
«Егемен-ақпарат».