Таразда су добы Қазақстан Республикасы Спартакиадасы аясында өткен жарысы өз мәресіне жетті.
Бес күнге созылған бәсекелер барысында ерлер арасында Алматы қаласының өрендері алдарына жан салмады. Барлық қарсыластарын сыпыра ұтқан олар жарыс жеңімпазы атанды. Күміс медальді Жамбыл облысы иеленсе, Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері қола жүлдеге қол созды.
Әйелдер арасында Жамбыл облысына тең келер ешкім табылмады. Жергілікті ватерполшылар финалда Алматы қаласынан айласын асырды. Үшінші орынға Батыс Қазақстан облысы тана тіреді.