• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2019

200 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

1185 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп «Рамазан – мейірім айы!» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қайырымдылық шарасы барысында тұрмысы төмен 200 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда бір қап ұн, 10 кг қант, 10 кг күріш, 10 кг макарон, тұз, шәй, 5 литр өсімдік майы және т.б. Жалпы, жұмсалған қаржы көлемі екі миллион теңгені құрады.  

Игі істерге куә болған көпбалалы аналар ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазретке алғыстарын жеткізіп, ризалықтарын білдірді.

Айта кетерлігі, Шымкент қаласы бойынша қайырымдылық бағыттағы жұмыс нәтижесінде Оразаның 22 күндігінің есебі бойынша 5500 отбасыға қайырымдылық көмек берілді.