Жастар мәслихатына кімдер кандидатурасын ұсына алады? Оған қандай құжаттар қажет?
1. Кандидаттардан құжаттарды қабылдау 3-12 маусым күндері аралығында жүреді. Белгіленген 10 күннің ішінде төмендегі құжаттар Google формасы арқылы қабылданады: -куәлік; -өмірбаян; -жетістіктері; -эссе; -бейнеролик; -ұсыным хат; -мекенжай туралы анықтама;
Сондай-ақ сайлау комиссиясы Instagram әлеуметтік желісінің @resurstyq_ortalyq парақшасында кандидаттардың бейнероликтерін жүктейді. Нәтижесінде бейнеролик 2 000 онлайн лүпіл жинауы қажет. Егер түрлі себептерге байланысты әлеуметтік желіге тіркелмеген азаматтар болса, олар 500-ден аса қол жинау керек.
2. Ал 13-15 маусым күндері үміткерлерге Telegram (t.me/jastarmaslihaty) әлеуметтік желісі арқылы дауыс беріледі.
Дауыс беру нәтижесінде Жастар мәслихатына 29 депутат, ал резервке 11 депутат көпшілік дауыспен анықталады. Аталған тәртіптің заңдылығын сайлау комиссиясы қадағалайды.
Шымкент қалалық Жастар мәслихатына тіркелу формасы 3 маусымда жарияланады.
Анықтама тел: +7 701 381 2892