• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 31 Мамыр, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Туск «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніне барды

916 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск қасірет қақпасының алдында бас иіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті мен Еуропалық кеңес басшысы «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, саяси құрбандардың өмірі жайлы мәліметтер жинақталған кешен музейін аралап көрді. 

31 мамыр  - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылдан бері аталып келеді.