Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы, соның ішінде халықаралық ұйым аясындағы ынтымақтастығы талқыланды.
Сонымен қатар, екі елдің қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бойынша пікір алмасты.