• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Руханият 31 Мамыр, 2019

«Парасатты поэзия» салтанат құрды

1532 рет
көрсетілді

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына және ақын, әдеби сыншы, аудармашы Жарасқан Әбдірашевтің шығармашылығына арналған «Парасатты поэзия» фестиваліне Түркия және Әзірбайжан Жазушылар Одағының мүшесі Мехмед Нури Пармаксыз, Әзірбайжан Жазушылар одағының мүшесі, баспасөз хатшысы Хаял Рза, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Байбота Қошым-Ноғай, Қалқаман Сарин және тағы басқа шығармашылық өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, Фариза Оңғарсынованың сіңілісі Алмагүл мен ұлы Алмас Оңғарсыновтар, Жарасқан Әбдірашевтің ұлы Рүстем Әбдірашев пен немересі Әбілхайыр Әбдірашев арнайы келді.

Н.Бекежанов атындағы театрда өткен шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қасиеттті Сыр өңірінің Алаштың анасы атанған мерейлі сәтін еске салды.

«Ұлы даладағы халықтық дәстүрде шығармашылық адамына деген риясыз ықылас ежелден қалыптасқан. Оларға деген алғаусыз көңілі мен құрметінің шеті де, шегі де жоқ екені баршаға аян. Бір ғана мысал айтайын. Қазір аймағымызда Нартай, Әбділда, Манап, Асқар, Қалтай, Тұрмағамбет, Қарасақал Ерімбет есімдерімен аталатын елдімекендер, білім ордалары бар. Бұл - өнерге деген елдің шексіз ықыласының бір көрінісі емес пе?! Жалпы, ойлы сөз саптай білу, сөз қадірін түсіну, құдіретін сезіну, кестелі сөзбен өрнектеу - біздің халыққа берілген үлкен сый», - деді облыс әкімі.

Поэзия кешінде республикаға белгілі ақындар Қалқаман Сарин, Ақберен Елгезек, Ғалым Жайлыбай, сондай-ақ сырбойылық сөз шеберлері Елубай Әуезов, Ғазиза Әбілда, Назгүл Бердіқожа, Биболат Сәтжан, Ақжол Түменбай, Асылзат Арыстанбек өлендерін оқып, қошеметке бөленді.

Салтанатты жиында өткен жылғы "Ұлы дала үні" фестивалі қатысушыларының шығармалар жинағы мен Жарасқан Әбдірашұлының «Дала, сенің ұлыңмын» атты кітабының тұсаукесері өтті.