Алдағы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін 18 жасар елорда тұрғындары естелік сыйлықтарға ие болады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
23 мыңнан астам астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады. Сондай-ақ 9 маусым күні туған күн иелері үшін футболка, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлықтар тапсырылады.
Әлеуметтік желілердегі сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан!» атты арнайы имидждік жоба іске қосылды.
9 маусымда Нұр-Сұлтан қала әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз ететін болады.