Оқиға орын алған күні шекарашы түнгі ауысымнан шыққаннан кейін автокөлігін жууға көл жағасына барады. Осы кезде көпір үстінен екі қыз баланың жан ұшырған ащы айғайын естиді. Жалма-жан жүгіріп келсе, әйел мен баланың суға бір батып, бір шығып жүргенін көреді. Еш ойланбастан суға қойып кетіп әйелді судан алып шығады. Ізінше көлге қайта сүңгіп, су астынан баланы тауып, жағаға алып шығады. Ес-түссіз жақтан бес жастағы Нұрәділге жедел медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызады. Сөйтсе, көпірдің шірік тақтайлары опырылып, бала суға құлап кеткен көрінеді. Малту білмейтін шешесі ұлын құтқармақ болған.
Ержүрек шекарашы ана мен баланы автокөлігіне отырғызып, медициналық бекетке дейін әкеледі.
Сергей Гайдай ана мен баланы ажалдан құтқарғанын ерлікке санамайды. Менің орнымдағы кез келген адам осындай қарекетке барады деп есептейді.
Солтүстік Қазақстан облысы