Салтанатты шара кезінде: "Тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Болат Өтемұратовтың Жеке қорының демеушілік қолдауымен тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойылған еді. Нәтижесінде қор қаражаты есебінен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылады", - деді ол.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 2246 көпбалалы отбасы тұрғын үйге мұқтаж.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты даму үрдісі байқалатынын атап өткен жөн. Соңғы 6 жылда өңірде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2,5 есеге артты. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 270,0 мың шаршы метр болса, 2019 жылы 720,8 мың шаршы метрге дейін өсті. Осы жылдар ішінде Қызылорда қаласының өзінде 15 жаңа шағын аудан салынып, 139 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген.
Қызылорда облысы