• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Маусым, 2019

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Қатарда талқыланды

819 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Бақыт Батыршаев бастаған қазақстандық делегациясының Қатар мемлекетіне сапары өтті. Делегацияның құрамына ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстан Инжиниринг «ҰК» АҚ, «Шымкент» ӘКК» және «Астана «ӘКК» АҚ өкілдері кірді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-сапар шеңберінде «Qatar Investment Authority» Қатар инвестициялық қоры, Қатар мемлекетінің қоршаған ортаны қорғау және муниципалитет министрлігі, қатарлық «Widam» ірі ет импорттаушы компаниясы, сондай-ақ «Barzan Holdings», «Q-Post» компанияларының өкілдерімен келіссөздер өткізілді.

Күн тәртібіне Қазақстанда ауылшаруашылық, телекоммуникация, тау-кен және тоқыма өнеркәсібінде жобаларды іске асыру сұрақтары кірді. Қатардың азық-түлік қауіпсіздігіне еліміздің агроөнеркәсіптік әлеуетін қолдану бойынша сұрақтарға басым назар аударылды. Қатар сондай-ақ еліміздің мемлекеттік активтерін жекешелендіру процессіне қатысуға ерекше қызығушылық танытуда.

Келіссөздер нәтижесінде нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді және оларды іске асыру үшін бақылауға алынатын болады.