• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2019

Жеткіншек опат болды

902 рет
көрсетілді

Кеше елордадағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының жоғарғы қабатында орналасқан бассейнде 9 жасар қыз бала суға батып қаза болды.

Бұл оқиға бойынша ас­­таналық полицейлер Қыл­мыстық кодекстің 141-ба­бында көрсетілген «Ба­­лалардың өмiрi мен ден­сау­лығының қауiп­сiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиі­сінше орындамау» бойынша іс қозғап, тергеуді бастаған. Осы жазатайым оқиғаға орай журналистер алдына шығып, түсінік берген Нұр-Сұлтан қа­лалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев істің ақ-қара­сы осы тергеу жұмыс­тары­нан кейін айтылады дегенімен, өзінің қолындағы бірқатар мәліме­тімен бө­лісті.

– Қаза болған қыз бала №10 мектептің оқушысы. Жазғы лагерьге ата-ана­сы­ның өтінішімен жазыл­ған. Ата-аналар балаларын «Хан Ша­тырдағы» бассейн­ге апаруды өтінген. Бассейнге балаларды мектеп мұғалімдерімен бірге бірнеше ата-ана да апар­ған. Жалпы, бассейнге 200-дей бала барған, – деді Д.Жекебаев.

Басқарма өкілінің айтуына қарағанда, «Хан Шатырға» мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде демалып жатқан балалар жыл сайын топтастырылып апарылады екен.

– «Хан Шатырдағы» нұс­­қау­шылар тарапынан ба­ланың қауіпсіздігіне бай­ла­нысты барлық шара дұрыс орындалған, – деді Д.Же­кебаев.

Қолдағы деректерге қара­ғанда, қаза тапқан жеткіншек отбасындағы төрт баланың үлкені болған.

Бассейнге келген балалар тобына тәрбиешілер, тә­лім­­герлер мен ата-аналардан құралған 24 ересек адам бас­шылық еткен.