• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2019

Пәтердің кілті мұқтаж отбасыларға берілді

890 рет
көрсетілді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде Ораза айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Аймақтағы барлық мешітте уағыз айтылып, намаз оқылып, мерекелік дастарқан басында спорттық шаралар өткізілді.

Облыстың Бас мешіті – «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде жамағатқа Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы «Ораза айт» туралы уағыз айтып, айт құтбасын оқыды.

Барша жамағаттың алдында «30 күнде 30 ауызашар» акциясына елеулі үлес қосқан асхана басшысы Е.Раимовқа алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Биылғы айт мейрамының елеулі оқиғасы ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен бастау алған «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акция аясында республика бойынша 74-ші пәтердің кілтін аймағымыздағы мұқтаж отбасыға табыс етті.

Бұдан кейін айт намазын оқуға келген жамағатқа арналып дастарқан жайылып, «арқан тарту», «гір көтеру», «қол күрес» секілді спорттық ойын түрлерінен сайыс өткізілді.

Қызылорда облысы