«Хабарлама бойынша Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы 2 бірлік техникамен оқиға орнына барды. Ер адамның денесін судан шығарды. Бұдан кейін марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне берілді», - дейді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай бұл азамат 1958 жылы дүниеге келген Қызылорда қаласының тұрғыны екен.
Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 10-ға жуық адам суға кетті. Оның жартысына жуығы балалар. Былтыр 22 адамның суға кеткен дерегі тіркелген еді. Енді шіліңгір шілденің аптабы басталды. Көлге түсушілер көбейеді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оларға абай болу жағдайын ескертеді.