• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 06 Маусым, 2019

Шымкентте Сайлау күні қоғамдық көліктер тегін жүреді

919 рет
көрсетілді

9 маусым күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық іс-шаралары қыза түсті. Шымкентте осы күні 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Елдегі айтулы саяси науқанға орай Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Өзіңіздің сайлау учаскеңізді табыңыз» электронды бөлімі жұмыс істеп тұр.

Онда азамат жасына толған кез-келген қала тұрғыны ЖСН нөмірін енгізу арқылы сайлау учаскелерін анықтайды. Тіпті, 2GIS мобильный қосымшасы арқылы аталған мекен-жайға қандай қоғамдық көлікпен баруға болатындығын біле алады.

Сондай-ақ 9 маусым күні Шымкентте қоғамдық көліктер таңнан кешке дейін қала тұрғындарын тегін тасымалдамақ. Ал сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.