Әлеуметтік желілерде сайлауға қатысты түрлі жазбалар жарық көре бастады. Қолданушыларыдң көбі өздерінің дауыс бергендерін жазуда. Шымкент қаласының тұрғыны Сейдалы Дүйсебайұлы
«ҚР Президенттігіне кезектен тыс сайлау процесін бақылау үшін Шымкент қаласының N92 сайлау учаскесіне келіп қалдық. «Аманат» азаматтық платформасының бақылаушылары өз орнында. Таңертеңмен ұйқыларын ғана емес, Г. Головкиннің бокс қызығын қиып келіп жатқан сайлаушылардың саны мол» деп жазса, тағы бір желі қолданушысы кейбір сайлаушылардың бірер сағаттан соң тікелей эфирде көрсетілетін, бокстан Г.Головкин мен Стив Роллс жекпе-жегін көруге учаскеде қалғанын жазды.
Елордадағы сайлау учаскелерінің біріне ағылған халық «Egemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі Ерлан Омаровтың назарына ілініпті. Суреттер азаматтардың белсенділігін айғақтайды.